Интернет алаяқтық пен жалған ақпарат: заң не дейді?

Қазіргі таңда интернет кеңістігінде алаяқтық пен жалған ақпараттың таралуы жиілеп отыр. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы таралатын тексерілмеген мәліметтер қоғамда дүрбелең туғызып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Атырау облысында мұндай жағдайлар тіркелген. Индер ауданында жасөспірімдер Telegram желісінде жалған ақпарат таратса, Атырау қаласының тұрғыны Instagram арқылы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жариялаған. Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдап, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, интернет алаяқтық жасау және жалған ақпарат тарату – құқықбұзушылық болып табылады. Әсіресе терроризм туралы жалған хабарлама тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Олар қоғамда үрей туғызады, арнайы қызметтердің жұмысын қиындатады және шынайы қауіптерге жедел әрекет етуге кедергі келтіреді.

Сондықтан әрбір азамат интернетте ақпарат жарияламас бұрын оның шынайылығын тексеріп, заң талаптарын сақтауы тиіс. Интернеттегі қауіпсіздік пен жауапкершілік – баршамызға ортақ міндет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT