«Екібазтұз өңірінің еңбекшіл халқы референдум өткізуді қолдайды»

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті. Осы жүздесуде сөз алған Қазақстанның Еңбек Ері, «Евроазиялық энергетикалық корпорациясы» «Шығыс» карьерінің механигі Ришат Әміренов аймақ жұртшылығының Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.

«Конституция енгізілген өзгерістер бұл – жәй ғана құқықтық түзетулер емес, Тәуелсіздігімізді нығайту, елдігімізді бекемдеу, ұлттық рухымызды асқақтатуға бағытталған маңызды шара. Мұның барлығы болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін жасалады. Мен қарапайым еңбек адамымын. Көмір өндірісі саласында еңбек етіп, зейнетке шықтым. Көмірі қайнап, өмірі жайнап, өркендері өсіп жайнаған Екібазтұз өңірінің еңбекшіл халқы референдумға қолдау білдіреді. Біздің бақытымыз – еліміздің дамып, өсуі», - деді зейнеткер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT