Еңбек адамдары еліміздегі конституциялық реформаларға назар аударды 

Қарағанды облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қазақстанда жоғары сапалы әк өндіретін жетекші кәсіпорын – «Saryopan Operating» ЖШС, сондай-ақ ашық тәсілмен тас көмір өндіретін «Қазақмыс Коал» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті. Оның барысында конституциялық өзгерістер мен алдағы республикалық референдумның мәні мен маңызы талқыланды.



Коалиция мүшелері вахталық ауысымда еңбек ететін қызметкерлермен тікелей өндірістік учаскелерде жүздесті. Диалог барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістер таныстырылды.

Коалиция мүшесі Нұркен Кобжанов жобаның басты идеясы «мемлекет – адам үшін» қағидатына негізделгенін атап өтті. Бұл қағидат азаматтардың құқығы мен бостандығын нығайтуды және мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруды көздейді.

Өз кезегінде, коалиция мүшесі Нұрлан Әубәкіров өңірлердің дербестігін арттыру мен қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету қадамы кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті.

Ал Коалиция мүшесі Сұлтан Шаймағанбет жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесіне тоқталса, Сейфул-Мәлік Казитов экологиялық басымдықтар мен тұрақты даму қағидаттарын конституциялық деңгейде бекітудің маңызына мән берді.

Кездесулер барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT