ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН «ALTYN ORDA» ӘЛЕМ КУБОГЫ – 2026

Баршаңызды халықаралық спорттық доданы тамашалауға шақырамыз!

 

2026 жылғы 11–15 қыркүйек аралығында Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» Әлем кубогы өтеді.

 

Халықаралық деңгейдегі айтулы дода Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

 

Әлемнің 20 елінен 100-ден астам үздік садақшы және Қазақстаннан 100-ге жуық садақшы, сондай-ақ ұлттық құрама мүшелері Атырау төрінде бас қосып, дәстүрлі садақ атудан шеберлігі мен мергендігін сынға салады.

 

Әлем кубогы ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, сондай-ақ дәстүрлі садақ атуды халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған.

 

Баршаңызды дүбірлі додаға келіп, әлемнің үздік мергендерінің тартысты сайысын тамашалауға шақырамыз!

 

📍 Өтетін орны: Атырау қаласы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің стадионы.

📅 Ашылу салтанаты: 2026 жылғы 12 қыркүйек, сағат 19:00 .

 

«ALTYN ORDA» – дәстүр мен шеберлік тоғысқан әлемдік дода!

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT