Дроннан – аулаға дейін: өңірдің бас полицейі тәртіп сақшыларының бір күнін БАҚ назарына ұсынды

Атырау облысы полиция департаменті БАҚ өкілдеріне арналған пресс-патруль ұйымдастырды. Журналистер стационарлық полиция бекетінің, әуе дрондарының және «Ekin Patrol» мобильді автокешенінің жұмысымен танысты.



Сондай-ақ полиция генерал-майоры Оңал Бекеев тұрғындармен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Пресс-патрульдің басты мақсаты – полиция жұмысының ашықтығын көрсету және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT