Вакцинация сібір жарасы, аусыл, қарасан, пастереллез, түйе обасы, құтыру, эхинококкоз және туберкулез секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Вакциналар республикалық бюджет қаражаты есебінен жеткізілді.
– Көптеген жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егумен қатар, бруцеллездің таралуына жол бермеу үшін диагностикалық бақылау жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңде 565 мыңнан астам бас ауыл шаруашылығы малы тексеріліп, зертханалық диагностикадан өткізілді, – деді Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Ветеринария бөлімінің басшысы Сайран Ғұднанұлы.
Ветеринария саласы мамандарының мәліметінше, жүйелі вакцинация мен диагностикалық бақылау өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.


