Азаматтардың 90%-ға жуығы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы халықтың хабардар болу деңгейі

Телефон сауалнамасының нәтижесіне сәйкессауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 81,8%-ы елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу жоспарланып отырғанын біледіолардың 33,7%-ы референдум туралы жақсы біледі, ал 48,1%-ы бұл туралы естігенбірақ егжей-тегжейлі білмейді.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум туралы ештеңе естімегендер үлесі – 17,1%.

Сауалнамаға қатысқандар арасында жалпы хабардарлықтың жоғары көрсеткіші, оның ішінде референдум туралы естігендер үлесі Жамбыл (89,7%), Шығыс Қазақстан (87,8%), Қызылорда (89,1%), Батыс Қазақстан (88,1%) облыстары мен Алматы қаласында (87,6%) жоғары.

Телефон сауалнамасы нәтижелері көрсеткендейжастар жоспарланған референдум туралы жақсыхабардар (44,8%). Бұл ретте аға буын да егжей-тегжейбілмесе де (51,7%), жалпы жоғары хабардар екенінкөрсетті.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойыншареферендум өткізу туралы хабардарлық деңгейіреспонденттердің білім деңгейімен де байланыстыАзаматтардың білім деңгейі жоғары болған сайынхабардар болудың жалпы көрсеткіші де артады.  Мысалыжоғары білімі бар сауалнамағақатысқандардың 86,7%-ы қандай да бір дәрежедереферендум өткізу туралы естіген болса, орта арнайыкәсіптік білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 74,3%-ы референдум туралы хабардар.

Телефон сауалнамасына қатысқандардың басымкөпшілігі (76,9%) елдегі саяси реформалар мен саясиөзгерістер туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден(Tik-tokTelegramInstagramFacebookВКонтакте жәнет.б.) алатынын көрсетті. Ал үштен бірі (33,3%) мұндайжаңалықтарды интернет-сайттардан біледіСауалнамақатысушыларының 20,5%-ы теледидарды ақпарат көзіретінде атап өтті.

Сауалнама жоғары электоралдық белсенділікдеңгейін көрсетті

 

«Сіз Жаңа Конституция жобасы бойыншареферендумға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің басым бөлігі – 72,8%-ы – оң жауап беріпбұл олардың азаматтықпарызы екенін атап өттіАзаматтардың 17,9%-ы әліреферендумға қатысып-қатыспайтыны туралынақты шешім қабылдамағанын айтты. Ал респонденттердің 9,3%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ.

Жоғары әлеуетті электоралдық белсенділікТүркістан (82,7%), Батыс Қазақстан (78,6%), Қарағанды (78,1%), Қызылорда (76,1%), Жамбыл (75,0%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында(75,0%) байқалды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкесреферендумғақатысуға ең жоғары дайындықты жастар (82,2%) мен 29-45 жас аралығындағы азаматтар (76,3%), сондай-ақжоғары білімді (74,4%) және жалпы орта білімді (75,0%) респонденттер көрсетті.

Алынған деректерге сәйкесқазақстандықтардыңкөпшілігі – 89,2%-ы Жаңа Конституция жобасынқолдайдыОлардың ішіндесауалнамақатысушыларының 52,8%-ы жобаны толықтайқолдайтынын, ал 36,4%-ы жобаны қолдауға бейім екенінайтты. Ал әртүрлі себептермен Жаңа Конституция жобасын қолдамайтын немесе әлі таңдауынжасамағандар үлесі бар-жоғы – 10,8%.

 

2026 жылғы 12-20 ақпан аралығында ҚазақстанРеспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігініңтапсырысы бойынша «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді.

Зерттеу Қазақстанның ересек халқын (18 жастан жоғарыжынысыжасыелді мекен түрі және тұратын өңірі бойыншакөрсететін ұлттық іріктеме негізінде жүргізілді.

Іріктеме жиынтық көлемі – 1200 респондент. Телефон арқылы сауалнама жүргізу аумағы 17 облысты жәнереспубликалық маңызы бар 3 қаланы (Астана, Алматы, Шымкент) қамтыдыБайланыс стационарлық және мобильдітелефон нөмірлері арқылы жүзеге асты.

Сауалнама ҚР ОСК-ның ресми хабарламасына сәйкесжүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT