АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ: ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Қазіргі уақытта цифрландыру барлық салаға еніп, көптеген қызмет түрлері автоматтандырылуда. Бұл процестер азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік және жеке қызметтерді жылдам әрі тиімді алуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған қызметтер қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды және олардың қолдану аясы күннен-күнге кеңеюде. Автоматтандырылған қызмет – бұл ақпараттық технологиялар арқылы адамның тікелей араласуынсыз жүзеге асатын қызмет түрі. Мұндай қызметтерді қолдану үшін азаматтар арнайы платформалар немесе қосымшалар арқылы қажетті сұраныстарын енгізеді, ал жүйе оларды өңдеп, дайын нәтижені ұсынады.
Автоматтандырылған қызметтер – қоғамның дамуына, адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған тиімді шешім. Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторлары осы технологияларды белсенді түрде енгізіп, цифрлық трансформацияны жылдамдатып келеді. Алдағы уақытта қызметтердің толық автоматтандырылуы – азаматтардың уақытын үнемдеп, өмір сапасын жақсартудың басты құралы болмақ. 
Оның бір дәлелі, заңды тұлға басшысы, басшысының міндетін атқарушы немесе құрылтайшысы өзгерген кезде бұл туралы әділет органдарына хабарлама негізінде әділет органының кеңсесіне басшы атына еркін нысанда хат, шешім және жаңа басшының жеке басын растайтын құжаттың көшірмелерін тапсыру арқылы ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізілетін еді.
Алайда, Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы  Қазақстан Республикасының Заңына 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Атап айтқанда Заң 14-2 бабымен толықтырылып, Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі енгізілді.
Яғни, egov.kz порталы арқылы  Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері, басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген), жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған, экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген және саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.
Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тұрған жерін өзгерту жылжымайтын мүліктің меншік иесінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімімен жүзеге асырылады.
      Алайда, елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді.
      Сондай-ақ, Заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы тіркеуші органға уақтылы хабар бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 466-бабына сай, ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Сонымен қатар, Коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының құрамы өзгерген кезде, құрылтайшыларының тізімі тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы көрсетіле отырып, қосымша ұсынылады.
Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктер) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабар береді.
      Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
      Сонымен қатар, сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының) болуы, сондай-ақ Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің яғни, заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса, сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса және жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы көзделген жағдайларда өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындамай қалдыру үшін негіз болып табылады.
      Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.


Атырау облысы Әділет департаментінің 
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу 
және тіркеу қызметі саласындағы 
бақылау бөлімінің бас маманы                                                   
Рүстем Қуанышұлы Ерқосаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT