9 мамыр Жеңіс күніне орай атыраулықтар сұм соғыстан қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсетті.
⚜️Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысты.
🕯️Қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына тағзым жасады.
📍Еске алу іс-шарасына облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, тыл еңбеккерлері, әскери бөлім сарбаздары, Ауған соғысы, Тәжік-Ауған қақтығысы мен Чернобыль апатының ардагерлері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.

