Атыраулық жас құмар ойыннан 46 миллион теңге жоғалтқан

Атырау қаласының жас тұрғыны құмар ойынға тәуелділіктің салдарынан 46 миллион теңге жоғалтқан.


Маманның айтуынша, ойынға тәуелді адам жоғалтқан ақшасын қайтаруға тырысып, барған сайын үлкен қарызға батады. Кей жағдайда бұл заңсыз әрекеттерге де алып келуі мүмкін.
Орталық басшысына қатты әсер еткен тағы бір оқиға, Қызылорда қаласы тұрғынының басынан өткен.
Қызылордада тұратын жас жігіттің ата-анасы баласын құмар ойыннан құтқару үшін барын салған. Алайда олардың кеңесіне құлақ аспаған жігіттің ата-анасы уайымның салдарынан өмірден өткен.

«Жаңа өмір» қолдау орталығының негізін қалаушы Тимур Рамазановтың айтуынша, осыдан кейін ғана жігіт өз қатесін түсініп, ем қабылдауға келіскен. Қазір ол екі жылға жуық уақыттан бері құмар ойыннан алыс жүріп, қалыпты өмірге оралған.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT