Атыраулық дзюдошы Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды

Түркияның Анталья қаласында өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында атыраулық спортшы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress.
7–8 наурыз күндері өткен халықаралық жарыста Исатай аудандық «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының түлегі Жұмажан Інжу 57 келі салмақ дәрежесінде төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ол алғашқы белдесуінде грузиялық Ла Джеладзені, кейін әзірбайжандық Самайа Юсуфлиді жеңді. Жартылай финалда молдовалық Мария Русудан басым түссе, финалда қазақстандық Еркеназ Сембекті ұтып, алтын медаль иеленді.

Қазіргі таңда Інжу Атырау қаласындағы республикалық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында жаттығады. Інжудің жаттықтырушысы — Тұрар Ризуанов.

Айта кетейік, Антальяда өткен Еуропа кубогіне 21 мемлекеттен 550 спортшы қатысқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT