Атыраудағы №46 “Келешек” мектебінде құқықтық кездесу өтті

Атырау қаласындағы №46 “Келешек” мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Атырау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Бауыржан Нұрасыл Нұрболұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, буллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері кеңінен талқыланып, құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі жайлы нақты мысалдар айтылды.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. Тағылымы мол кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.

Н.Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT