Атырау қаласында Ұлттық кітап күні аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Атырау қаласындағы №50 «Келешек» мектебі базасында өтіп, «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» тақырыбын қамтыды.
Кездесу барысында «ХИУАЗ» әйелдер қоғамдық бірлестігі мүшелері – ардақты әжелер жас ұрпақпен жүздесіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар ұлттық тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамгершілік құндылықтар жайында ой қозғап, оқушыларға мазмұнды әңгімелер айтты.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және үлкен буын мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту.
Осындай тағылымы мол кездесулер оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тәрбиелік мәні зор әсер қалдыратыны сөзсіз.
Н. Насыр

