Атырау қаласы аумағында 15-20 тамыз аралығында республика көлемінде «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың деңгейін төмендету, сондай-ақ жсөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың бос уақытын қалай өткізетініне, қайда және кіммен жүргеніне назар аударыңыздар.
Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!


