Атырауда «Қауіпсіз отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Атырау қаласы аумағында 2-4 қыркүйек күндері отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мақсатында «Қауіпсіз отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

 

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және оларға қажетті көмек көрсету бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

 

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе осындай жағдайдың куәсі болсаңыз, 102 арнасына, сондай-ақ 111 және 98-10-99 сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.

 

Сіздің бір қоңырауыңыз бір адамның өмірін өзгертуі мүмкін. Құқық бұзушылыққа бейжай қарамаңыз!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT