Атырау қаласында «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру барысында күдіктінің қоғамдық көліктерде ұрлық жасап, ұрланған заттарды түрлі ломбардтарға өткізіп отырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

