АТЫРАУДА ДӘСТҮРЛІ «ATYRAU MARATHON – 2026» МАРАФОНЫ ӨТТІ

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен, Жеңіл атлетика федерациясы және Atyrau Marathon ұйымдастырушыларымен дәстүрлі «Atyrau Marathon – 2026» жеңіл атлетикалық марафоны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

Биыл 9-шы рет өткен ауқымды спорттық шара ерекше рекордпен есте қалды. Себебі, биылғы марафонға ең көп қатысушы тіркеліп, 2500-ден астам адам жүгіріс алаңына шықты. Марафонға Атырау тұрғындарымен қатар еліміздің өзге өңірлерінен келген қатысушылар және шетелдік өкілдер де қатысып, жарыстың ауқымын арттыра түсті.

 

📍 Қатысушылар 5, 10, 21.1 және 42.2 шақырым қашықтықтар бойынша бақ сынады.

 

🏅 42.2 шақырымдық жарыста ерлер арасында абсолюттік есепте Баубек Ильясов жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Бақтықыз Унгарбаева топ жарды.

 

🏅 21.1 шақырымдық жарыста ерлер арасында абсолюттік есепте Амангос Ислам жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Коротовская Жанна үздік нәтиже көрсетті.

 

🏅 10 шақырым қашықтықта Бексұлтан Ернұр мен Дерябина Анастасия жеңімпаз атанды.

 

🏅 Ал 5 шақырымдық бәсекеде Мұханов Мәжит пен Биссенгалиева Айжан мәре сызығын бірінші болып кесті. Жарыс барысында қатысушыларға арнайы жанкүйерлік аймақтар ұйымдастырылып, марафон мерекелік көңіл-күй мен ерекше спорттық атмосфера сыйлады. Айта кетейік, дәстүрлі «Atyrau Marathon» бүгінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған өңірдегі ең ірі спорттық жобалардың біріне айналып отыр. 👏

 

     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT