Atyrau Youth Hackathon 2026 басталды!

«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында инновациялық жобалар конкурсы 5–7 қыркүйек аралығында өтеді. 

Бүгін хакатонның ашылу салтанаты өтіп, қатысушыларға негізгі кейстер таныстырылды.

Спикерлер Дәурен Муханбеталиев пен Даниэль Хасанов Киберқауіпсіздік және IT-жобаларды дамыту тақырыптарында арнайы мастер-кластар өткізіп, қатысушыларға өз жобаларын дамытуға қажетті пайдалы ақпараттар мен тәжірибелерімен бөлісті. 

Биылғы хакатонға 50 қатысушыдан құралған 12 команда қатысуда. Қатысушылар өз идеяларын нақты жобаға айналдыру үшін командалық жұмысты бастап кетті. 
Алдағы екі күнде командаларды қарқынды жұмыс, менторлармен кездесулер, жаңа идеялар және өз жобаларын қорғау кезеңі күтеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT