Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Жылыой ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік, инфрақұрылымдық және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты

Өңір басшысы 1200 орындық жаңа мектеп пен аудандық аурухананы аралап, Құлсары қаласындағы көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын, Жастар орталығы мен спорт нысандарының жұмысын көрді. Сондай-ақ қаланы су тасқынынан қорғау және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Болат Ақшолақов білім беру саласындағы апатты нысандардың жай-күйімен танысып, «Аман Есен» шаруа қожалығына және Шоқпартоғай ауылындағы ет өнімдерін өңдеу кәсіпорнына барды.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша әлеуметтік нысандардың жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету, медициналық инфрақұрылымды дамыту, су тасқынының алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру және жергілікті өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT