Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Қызылқоға ауданындағы негізгі нысандарды тексеріп шықты

Аймақ басшысы Қызылқоға ауданына сапары аясында Жамансор мен Мұқырдағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту, мектептер мен мәдениет үйлерінің құрылысы, жол жөндеу, сондай-ақ спорт және су шаруашылығы салаларында іске асырылып жатқан жобалардың жай-күйімен танысты. 

 

Облыс әкімі сапарын қорытындылай келе, құрылыс пен жөндеу қарқынын жеделдетуді, жұмыс сапасын қадағалауды күшейтуді және нысандардың уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

 

Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығына, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ауылдық елді мекен тұрғындарына жайлы жағдай жасау мәселелеріне айрықша назар аударылды. 

 

Өңір басшысының Қызылқоғаға сапары жөніндегі толық материалды Атырау облысы әкімдігінің сайтынан оқи аласыздар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT