Атырау облысында 2027 жылға дейін 13 мектеп салынады

Аймақта алдағы жылдары 7930 оқушыға арналған жаңа мектептерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешеді. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 
 
Өңірде білім сапасын арттыру мәселесі мемлекеттік деңгейде бақылауға алынған. 2025–2027 жылдарға арналған көрсеткіштер мен ашықтық тетіктері «Атырау облысында білім сапасын арттырудың 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасында» нақты айқындалған.
 
⁃ Алдағы кезеңде білім саласында тек жаңа ғимараттар салу емес, сапалық көрсеткіштерге де басымдық беріледі. Соның ішінде оқушылардың халықаралық PISA зерттеуіндегі нәтижесін республикалық орташа деңгейге жақындату, функционалдық сауаттылықты арттыру көзделген, - деді М. Әбуов.
 
Педагогтердің білімін бағалау тестінен өткен мұғалімдердің үлесін 70–80%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Кадр тапшылығын азайту мақсатында жергілікті бюджет есебінен жыл сайын гранттар бөлініп келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT