Атырау облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, соның ішінде  «Келешек мектептері» жобасы аясындағы білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатқанын еске салды.

Ведомствоның мәліметінше:

«Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы, eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде тапсыруға болады».

Сонымен қатар, «Келешек мектептері» жобасына қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға басымдық берілетіні атап өтілді. Ата-аналар (заңды өкілдер) бос орын болған жағдайда кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

 баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
 № 065/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
 № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы.

Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.

Өңірлер бойынша құжат қабылдау мерзімдері:

27 мамыр – 31 тамыз:* Астана қаласы, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары және Абай облысы;
10 маусым – 31 тамыз:* Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары;
18 маусым – 31 тамыз:* Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;

29 маусым – 31 тамыз:* Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.

«Өңірлерде құжат қабылдау әртүрлі күндері басталғанымен, еліміздің барлық өңірінде ол 2026 жылғы 31 тамызға де

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT