Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейінде өңірдің танымал тұлғаларының жеке коллекцияларынан жинақталған медальдардан құралған уақытша көрмені көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге барлығы 77 медаль қойылған.
Экспозицияның маңызды бөлігін Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысты жәдігерлер құрайды. Көрмеде соғыс жылдарына арналған 33 медаль бар. Әр медальдің өзіндік тарихы мен ерекшелігі сақталған. Олар сол кезеңдегі ерлік пен ел тағдырынан сыр шертеді.
Көрмедегі ерекше жәдігердің бірі — 1941-1942 жылдарға тиесілі неміс медалі. Мамандардың айтуынша, бұл медаль Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы екі ел халқына да ауыр тигенін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жәдігер сол дәуірдің тарихи шындығын танытып, келушілерге өткен кезеңнің қасіреті мен тағылымын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.
Музейдің экскурсия жетекшісі Жұлдыз Нұрбаеваның айтуынша, көрмедегі әр медальдің өзіндік тарихи мәні бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, жәдігерлер арқылы келушілер өткен ғасырдағы маңызды оқиғалар мен сол кезеңдегі адамдар тағдырынан терең мағлұмат ала алады.
Нұргүл Насыр

