Atyrau Creative Hub-та 3D технологиялар көрмесі өтті

 

 Атырау қаласындағы “Atyrau Creative Hub” алаңында 3D технологияларға арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында келушілер заманауи 3D модельдеу, басып шығару және цифрлық дизайн мүмкіндіктерімен танысуда.

 

Іс-шара аясында қатысушылар 3D принтерлердің жұмыс процесін көріп, түрлі инновациялық жобалар мен дайын өнімдерді тамашалай алады. Сонымен қатар, сала мамандары жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен оны әртүрлі бағытта қолдану жолдары туралы ақпарат беруде.

 

«3D басып шығару арқылы әртүрлі бұйымдар жасаймыз, түрлі ірі мекемелермен жұмыс жасап келеміз», – деді Voxel Lab негізін қалаушысы Сұлтан Каримов.

 

Аталған көрме жастардың технологияға деген қызығушылығын арттырып, цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT