Балалардың жеке өмір қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік!
Аулада қауіпсіздік
Баланы қараусыз қалдырмаңыз.
Аулада ойнағанда көліктерге жақындамауын ескертіңіз.
Жолды тек арнайы өткелмен өтуге үйретіңіз.
Терезе қауіпсіздігі
Терезені толық ашық қалдырмаңыз.
Терезе алдына жиһаз қоймаңыз.
Терезеге арнайы қорғаныш бекіткіштерін орнатыңыз.
Су айдындарында
Баланы су жағасында жалғыз қалдырмаңыз.
Тек рұқсат етілген жерде шомылдырыңыз.
Құтқару кеудешесін қолдануды ұмытпаңыз.
Жол-көлік қауіпсіздігі
Жол қозғалысы ережелерін күнделікті қайталаңыз.
Автокөлікте қауіпсіздік белдігін тағуды қадағалаңыз.
Көлік жүретін жерде ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз.
Мопед және велосипед
Қорғаныш дулығасын міндетті түрде кигізіңіз.
Жол ережесін білмейінше мопед жүргізуге рұқсат бермеңіз.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралдарын ересектердің бақылауымен ғана қолдансын.
Розеткаға бөгде зат салуға болмайтынын түсіндіріңіз.
Үзілген электр сымдарына жақындамауын ескертіңіз.
Ашық шұңқырлар мен құрылыс алаңдары
Құрылыс алаңдарына баруына жол бермеңіз.
Ашық құдықтар мен шұңқырларға жақындамауды үйретіңіз.


