Анықтаманы онлайн алу оңай

gemini.google.com

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен электронды үкімет порталы арқылы анықтамалар алуға болады. Олар: соттылықтың болуы не болмауы туралы, тұлғаның бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер және мұрағат анықтамалар. 
Соттылығы туралы немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы анықтаманы www.egov.kz порталы немесе оның мобильді қосымшасы egov.mobile арқылы алуға болады. 

Электронды цифрлық қолтаңба немесе digital id sms –тің көмегімен сұрау салуға қол қойылғаннан кейін, Сіздің жеке кабинетіңізге электронды форматтағы анықтама жіберіледі. Қызметтің орындалу уақыты 5,10 минутта немесе тексеріс жағдайында 5 күн ішінде алуға болады. 
Осы тәртіппен мұрағат анықтамасын да алуға болады. Бірақ ол тек қағаз форматында ұсынылады, сондықтан өтінімді рәсімдеу кезінде Сізге құжатты алуға ыңғайлы болатын халыққа қызмет көрсету орталығын таңдау қажет. Мұрағат анықтамасы 8 күнге дейін мерзімде дайындалады. 


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Ж. Жолдыбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT