Атырау қаласындағы №46 «Келешек» мектебінің жазғы лагері аясында оқушылар арасында «Алақай, жаз!» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет өнеріне қызығушылығын арттыру және өз ойларын сурет арқылы еркін жеткізуге баулу.
Оқушылар өз жұмыстарында жаз мезгілінің әсем табиғатын, көтеріңкі көңіл-күй мен шаттыққа толы сәттерін бейнеледі. Әрбір суреттен балалардың қиялы мен шығармашылық ізденісі көрініс тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Байқау барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің ерекше туындыларын ұсынды. Балалардың еңбектері бағаланып, шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.
Осындай танымдық әрі қызықты шаралар оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етеді.



