Аймақтық даму және инфрақұрылым

Биылғы Жолдауында өңірлерді дамыту мен инфрақұрылымды жаңғырту басты бағыттардың бірі ретінде аталды. Бұл – халықтың күнделікті тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін аса маңызды бастама.

Ауыл-аймақтарды сумен, газбен, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету, жолдардың жағдайын жақсарту, жаңа әлеуметтік нысандар салу – елді мекендердің даму қарқынын арттырады. Инфрақұрылымның жаңаруы тек тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеріп қана қоймай, өңірге инвестиция тартуға, кәсіпкерліктің дамуына да мүмкіндік береді.

Жолдауда көрсетілгендей, әрбір жобаның тиімділігіне, ашықтығына және сапасына бақылауды күшейту – аймақтардың тұрақты дамуының негізгі шарты. Аудан тұрғыны ретінде бұл бастамалардың ауыл тынысын жандандырып, өңір экономикасына серпін беретініне сенімім зор.

Жаңарған инфрақұрылым – халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Жолдауда көрсетілген міндеттер елдің барлық өңірін жаңа деңгейге көтеретіні анық.

Жумашев Б

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT