Бүгін Орлы ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудандық Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Адал азамат – қоғам тірегі» тақырыбында тағылымды семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және азаматтық ұстаным құндылықтарын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу.
Семинарға аудандық және ауылдық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары, жастар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинардың алғашқы бөлімінде мемлекеттік қызмет саласының ардагері Өтеулиев Базарбай Өтеуліұлы спикер ретінде сөз сөйлеп, «Адал еңбек пен жауапкершілік туралы түсінік» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хұсайынов Нұрлан Меңдіғалиұлы «Қоғамға қызмет етудің маңызы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Пікір алмасу бөлімінде аудан прокурорының орынбасары Иманғазиев Ержан Оралұлы «Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының белгісі» тақырыбында баяндама жасап, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталды.