82 жастағы ардагер Құрманғазыдағы Lotus RUN марафонына қатысты

Құрманғазы ауданында өтіп жатқан Lotus Fest фестивалі аясында Lotus RUN марафоны ұйымдастырылды. Спорттық шараға 100-ге жуық адам қатысып, олардың қатарында түрлі жастағы тұрғындар болды.

 

Марафонның ең жас қатысушысы 13 жаста болса, ең үлкен қатысушы — 82 жастағы ардагер Мадат Сәрсекеев.

 

Ардагердің айтуынша, ол фестивальдерге жиі қатысады. Бұл жолы да жастармен бірге жүгіруге арнайы келген.

 

«Жүгіру — денсаулыққа пайдалы. Сондықтан үнемі қозғалыста болуға тырысамын», — деді Мадат Сәрсекеев.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT