Жылжымалы егу пункті қызмет көрсете бастады

Индер ауданында халықты жаппай вакциналау мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Бұл ретте, арнайы медициналық жылжымалы кешенде егу пункті ұйымдастырылып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Алғашқы жұмысын Есбол ауылдық округінен бастап, 20 тұрғын ерікті түрде вакцина алды.

fb_img_1619691598176

- Жылжымалы екпе егу пункті алдағы уақытта да ауданымызға қарасты округтер мен елді-мекендерді қарқынды түрде қамтитын болады, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері А.Х.Доспаева.

Айта кету керек, ауданда вакцинациялау жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

fb_img_1619691595299

Вакцина егу демалыссыз сағат 08:30-21:00 аралығында аудандық ауруханада жүргізіледі.

☎️ Коронавирусқа қарсы вакцина туралы толық ақпаратты 7-90-49 сенім телефоны арқылы немесе 8702 802 3505 whatsapp нөмірінен біле аласыздар.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521