№48 «Келешек» мектебі «Оқушы көзімен» челленджін бастады

Атыраудағы №48 «Келешек» мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Оқушы көзімен» атты челлендж бастау алды. Бастаманың мақсаты – оқушылардың мектеп туралы шынайы пікірін бөлісуіне мүмкіндік беру, білім ордасының артықшылықтарын шәкірттердің өз көзімен көрсету.

Челлендж аясында оқушылар мектептегі әсерлері, ұстаздары, достары және білім алу үдерісі туралы ойларын айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Мектеп ұжымы бұл бастама арқылы оқушылардың пікіріне мән беріп, олардың ұсыныстары мен көзқарасын бағалайтынын атап өтті. «Оқушы көзімен» челленджі жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп өмірін балалардың өз сөзімен таныстыруға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT