Атырауда "BINOM" және "Келешек мектептерінің" саны артады

Атырау облысында жаңа мектептер салу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір өңірде 17 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. 2026–2027 оқу жылының басында төрт мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оның үшеуі Құрманғазы және Жылыой аудандарындағы «Келешек мектептері» болса, тағы бірі — Атырау қаласындағы Драма театры маңында салынып жатқан 2000 орындық BINOM мектебі.



Жалпы, облыста тоғыз «Келешек мектебін» салу жоспарланған. Бүгінде олардың төртеуі пайдалануға берілді. Жаңа мектептердің ашылуы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге көмектеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT