17 мыңға жуық педагог «Келешек мектептерінде» еңбек етеді

Қазіргі таңда елімізде “Келешек мектептер” бойынша 183 мектепте оқу процесі ұйымдастырылып, онда 218 мыңға жуық оқушы білім алуда, 17 мыңға жуық педагог еңбек етуде.


Бүгінде Келешек мектептерін басқарудың бірыңғай, орталықтандырылған моделі енгізілді және 900-ден астам басшыдан тұратын басқару корпусы қалыптастырылды. Академия құралымында ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығы жұмыс істейді, ол оқу-тәрбие процесін әдіснамалық және мазмұндық тұрғыдан сүйемелдеуді, цифрландыруды үйлестіруді, кадрлық іріктеу мен педагогтердің кәсіби дамуын, сондай-ақ білім сапасын мониторингтеу мен талдауды жүзеге асырады.
Айта кетейік, жоба операторы еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды оқыту семинарларын ұйымдастырды. Оған 1600-ге жуық педагог қатысып, «Келешек мектептерінің» басшылары мен ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетуді бастады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT