ЖҮЗІНШІ КӨКТЕМ

Аудан әкімі Серік Нысанбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағытжан Құнас Өрлік ауылындағы 100 жасқа толған Моншақ Мұқанқызының шаңырағында болып, Құттықтау хат пен ескерткіш сыйлық табыс етті. 

– Айналайындар, мерекеде елеп-ескеріп арнайы келгендерің үшін рахмет! Мен 1925 жылы 24 қыркүйекте Толыбайдағы Қосүрпек жерінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келгенмін. Әкем Мұқан 1941 жылы соғысқа кетіп оралмады. Шешем Рақима 2 ұл 3 қызды өсірген. Соғыс жылдары Сарайшық ауылында зоотехника, ветеринар мамандықтарын оқыдым,-деп бастады өз әңгімесін кейуана. Соғыс біткесін Қаройда мал дәрігері болып жұмыс жасаған ол 1947 жылы Өрлік ауылының жігіті Сәлім Байдешовпен отау құрған. 2 ұл, 7 қызды дүниеге әкелген. Мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевты, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан Сатан Молдашевтың, Тастан Шмановтың есімдерін құрметпен атайды. Мұнан кейін аудан басшысы бастаған арнайы топ медицина саласының ардагері Ермұханова Күләш Раушанқызының шаңырағында болып, мерекемен құттықтап, игі тілегін арнады.

 Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT