ЖУРНАЛИСТ БОЛУ – АРМАНЫМ

БИЫЛҒЫ ЖЫЛ МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ СЫНЫПТАСТАРЫМ ҮШІН ЕРЕКШЕ ЖЫЛ БОЛДЫ. БІЗ 9-СЫНЫПТЫ АЯҚТАП, 10-СЫНЫПҚА ҚАДАМ БАСҚАЛЫ ОТЫРМЫЗ. ОСЫ КЕЗЕҢДЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМЫЗ ТУРАЛЫ ОЙЛАНА БАСТАДЫҚ. ӘР АДАМНЫҢ ӨМІРІНДЕ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ АДАМНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАБІЛЕТІНЕ ҚАРАЙ ТАҢДАҒАНЫ ДҰРЫС. СЕБЕБІ ДҰРЫС ТАҢДАЛҒАН МАМАНДЫҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ.

Менің арманым – журналист болу. Журналист – халыққа маңызды ақпарат жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін ма­ман. Бұл мамандық терең білімді, жауапкершілікті, шыншылдықты және адамдармен еркін қарым-қатынас жасай білуді талап етеді. Сондықтан қазірден бастап жан-жақты білім алып, өзімді осы салаға дайындауға тырысып жүрмін.

Бұл мамандықты таңдауыма себеп болған адамдардың бірі – елімізге белгілі журналист Дина Төлепберген. Оның телебағдарламаларды жүргізуі, халыққа деген жанашырлығы мен кәсіби шеберлігі маған ерекше ұнайды. Мен оны өзіме үлгі тұтамын.

Сонымен қатар бастауыш сы­ныпта білім берген ұстазым Майра Ізбайқызының «Сенің болашақта жақсы журналист болатыныңа сенемін» деген сөзі маған үлкен жігер берді. Сол сөзден кейін бұл мамандыққа деген қызығушылығым одан әрі арта түсті. Қазір мен өз арманымның жолында білімімді жетілдіріп, болашақта кәсіби журна­лист болу үшін аянбай еңбек етуге бел будым. Болашақта өз ісімнің шебері болып, елімнің дамуына адал еңбек етуді армандаймын.

Әр мамандықтың өзіндік орны мен маңызы бар. Ең бастысы, өзіңнің қызығушылығыңа сай мамандықты таңдап, сол салада адал еңбек ету. Сонда ғана адам өз ісінен ләззат алып, қоғамға пайдасын тигізе алады.

Жансая ЖАМБЫЛ,

М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT