Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және профилактикасы, соның ішінде кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында аудан көлемінде ағымдағы жылдың 03-05 шілде күндері аралығында «Түнгі қала-қауіпсіз бала» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Іс-шара кезінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың болдырмау көзделіп отыр.
Индер ауданы полиция бөлімі



