ЖАСТАР ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында  аудандық мәслихат депутаты Ақжібек Керімбайқызы және Нұрбол Нұрланұлы аудан  жастарымен  кездесу өткізді.


Жиын барысында елімізде қолға алынған реформалардың негізгі бағыты – қоғам мүшелерінің мемлекеттік басқару үдерісіне қатысуын күшейту екені айтылды. Азаматтардың пікірін ескеру, бастамаларын қолдау және шешім қабылдау процесіне тарту – жаңғырудың маңызды тетігі ретінде атап өтілді.
Кездесуде жастар белсенділік танытып, өз ұсыныстары мен көзқарастарын ортаға салды. Еркін пікір алмасу олардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдық жауапкершілігін арттыра түсті.
Алдағы кезеңде де осындай мазмұнды кездесулер жалғасып, жастардың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026