М. Әуезов атындағы орта мектептің 11 «Ә» сынып түлегі Қанат Қайырлы Саясатұлы оқу жылын жарқын жетістікпен қорытындылап, 100 000 теңге көлеміндегі бонусқа ие болды.
Білімге деген ынтасы мен табандылығының арқасында жоғары нәтиже көрсеткен жас түлектің бұл жетістігі – тынымсыз еңбектің, ұстаздар берген сапалы білімнің және ата-анасының қолдауының нәтижесі.
Осыған орай Халық банкінің өкілдері Қайырлыны арнайы құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар мектеп басшылығы да оның жетістігін атап өтіп, алдағы өмір жолына сәттілік пен толағай табыс тіледі.
Дарынды жасқа биік мақсаттарынан таймай, жаңа белестерді бағындырып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!



