ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСҚАН Т Ұ Л Ғ А Л А Р Д Ы Ң Б І Р І — РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ. ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ АДАМГЕРШІЛІК, РУХАНИЯТ, ҰЛТТЫҚ САНА СИЯҚТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАП, ЖАС ОҚЫРМАНДАР МЕН ӘДЕБИЕТСҮЙЕР ҚАУЫМҒА ШАБЫТ БЕРІП КЕЛЕДІ. МІНЕ, ЖАЗУШЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 70 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА «РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» АТТЫ ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ.
Сайыс жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жас оқырманның әдеби талқылау және эссе жазу арқылы ой-өрісін кеңейту, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар тек өз ойларын ғана емес, жазушының шығармаларынан алған әсерін де бөлісті. Р.Отарбаевтың прозасы мен драматургиясында қарапайым халық тағдыры, адамгершілік, ұлттық құндылықтар басты орын алады. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі терең зерттеледі. Диалогтар мен көркем тіл арқылы оқырманның ойлау қабілетін дамытады. Оның шығармалары жастарға рухани азық болып, шабыт берері анық. Сайысқа ауданның әр мектеп тен келген жас қаламгерлері қатысты. Қатысушылар өздерінің эсселерін жазып, Рахымжан Отарбаевтың шығармалары мен өмір жолы туралы баяндады. Сонымен қатар сайыстың ережесіне сай жас ақындар шығармаларынан үзінді оқып, әдеби талқылауға қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Ол ар Отарбаев шығармаларындағы тақырыптарды қазіргі заман мәселелерімен байланыстыра білді. Сайыс қорытындысында ең үздік эссе жазған оқушылар дипломдармен марапатталды. Жастар бұл сайыс тан алған әсерін өмірлік тәжірибе ретінде бағалап, өз шығармашылықтарын әрі қарай дамытуға жігерленді.
Әсемгүл ТАРАС, Бөдене орта мектебінің
11 сынып оқушысы



