Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына енгізілген оң өзгерістер сөз жоқ өз жемісін бере бастады. Олай дейтін себебіміз ауданда орналасқан, күтімсіз қалған көп қатарлы тұрғын үйлер соңғы жылдары жаңара бастағаны көңіл қуантады.
Өткен 2022 жылдан бермен қарай аудан орталығы Индербор кентіндегі бірнеше тұрғын үйлер адам танымастай өзгерді. Төбе шатырлары ауыстырылып, қасбеттері жөнделіп, көптің көкейіндегі сауал өз шешімін тапты. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тапсырысы негізінде аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы қызмет атқарған Ұлы Отан Соғысының ардагері Ізтелеу Көпбаев атындағы көшендегі №2 үйде орналасқан қос қатарлы тұрғын үйге де жөндеу жұмыстары жүргізіліп адам танымастай күйге енді. Аталған жұмысты атыраулық “ҚұрылысТаймКонтракт” ЖШС 2 ай ішінде атқарып шыққан болатын.
Іс басындағы азаматтардың тындырымды істеріне тұрғындарда дән риза. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Айман Қалымқызы Меңдігереева тұрғындар тілегін бізбен бөліскен болатын.
-Мен білсем бұл тұрғын үй 1960 жылы пайдалануға берілген екен. Сол уақыттан бері ешқандай жөндеу көрген жоқ. Тұрғындар өз күштерін пайдалану арқылы қанша жамап жасқағанымен па дегендей болмайды. Өйткені жаңбыр жауса төбесінен су орғалап, боран тұрса аяз қарпып мазамыз кететін. Осы тұрғын үйде 7 отбасы тұрамыз. Қиындық көріп ашпаған есігіміз, тоздырмаған табалдырығымыз қалмады. Биыл құдай қолдап аудан басшысы Серік Нсанбаевтың өзі аяқтай келіп көріп бірден күрделі жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Айналдырған аз уақыт ішінде тұрғын үйізі адам танымастай өзгеріп, қыздың жиған жүгіндей құлпырып шыға келді.

Ал техникалық қадағалаушы қызметін атқарған Марат Кумаров өз қаражат есебінен подездердің терезе алдарына гүл, қабырға картиналарын, сағат алып беріп қуантып отыр. Сол үшінде іс басындағы азаматтарға өз алғысымызды білдіреміз. Индер ауданы көркейе берсін, ойға алғанымыз орындалып, көздегеніміз келе берсін дейді,-апай өз сөзінде!

Жаңарған үйдің келбеті сонадайдан көз тартады, қуаныш құтты болсын қадірлі оқырман!
С.Көшеков
Жаңарған үйдің келбеті сонадайдан көз тартады, қуаныш құтты болсын қадірлі оқырман!
С.Көшеко



