Жаңа жолдың қадағы қағылды

Бүгін Индербор – Сәтімола жаңа теміржол желісі құрылысының қадағы салтанатты түрде қағылды. 

 

Ұзындығы 285 шақырымды құрайтын Мақат-Индербор-Сәтімола теміржол желісінің құрылысы өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.

Бұл Атырау және Батыс Қазақстан облыстары арасы, одан әрі бүкіл елмен көлік байланысын нығайтып, жүк тасымалын жеңілдетеді. Теміржол кенттен Кетебайға қарай 15 км тұз көлінің шығыс бетімен Индербор-Мақат жолына қосылады.

Ашылу салтанатында Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары әкімінің орынбасарлары Марат Мурзиев пен Мирас Мұлқай жобаның еліміз үшін маңыздылығын, халық жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жағдай жақсаратынын айтты. Шараға «Texol» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Ш.Абхазава, «Kazakh Kalium Ltd» компаниясы бас директорының орынбасары А.Туманов, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі М.Сердалин және Индер ауданының әкімі С.Нысанбаев қатысты.

Салтанатты шара соңында теміржолдың қадағы қағылды.

Осылайша елімізде жаңа жоба іске асуда.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT