ИНДЕР КӨЛІ КЕН ОРНЫНЫҢ БІР БӨЛІГІНДЕ АС ТҰЗЫН АШЫҚ ТӘСІЛМЕН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. БҰЛ ЖОБАНЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ТҰЗ ӨНДІРУШІ «АРАЛТҰЗ» АҚ ЖӘНЕ ОСЫ КОМПАНИЯМЕН ЕНШІЛЕС «АРАЛСОДА» ЖШС ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚ. ЖОБА 2026-2035 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЫНА НЕГІЗДЕЛІП, ӨНДІРІС КЕЗЕҢІНЕ КӨШУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТ АЛУДЫ КӨЗДЕЙДІ.
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АРТУР МУРЗИН АШЫП, ЖҮРГІЗІП ОТЫРДЫ.
ӨНДІРІС ПЕН
ЭКОЛОГИЯ ТАРАЗЫДА ТҰР
«Аралтұз» компаниясының өкілі, жобалаушы эколог Дәулет Асановтың айтуынша, жобаға сәйкес, жылына 37 мың тоннаға дейін тұз өндіру жоспарланған. Өндіру жұмыстары сәуірден қараша айына дейін жүргізіліп, 30 см тереңдікке дейін фрезамен қазу және төменгі қабаттардан экскаватормен алу арқылы жүзеге аспақ. Жалпы өндірілетін өнім тағамдық әрі техникалық мақсатқа б ағытталады.
Экологиялық талаптарға келсек, кәсіпорын ІІ санатты нысан ретінде қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуы қажет. Жобада атмосфераға таралатын негізгі ластаушы зат – натрий хлориді (жылына шамамен 135 тонна). Дегенмен, мамандардың айтуынша, тұздың табиғи ылғалдылығы жоғары болғандықтан қосымша шаң басу шаралары қажет етілмейді. Сонымен қатар 500 метрлік санитарлық- қорғау аймағы белгіленіп, оның шекарасында тұрақты экологиялық мониторинг жүргізу қарастырылған.
Су ресурстарына түсетін салмақ та минималды. Өндірісте техникалық су қолданылмайды, ал ауыз су тасымал арқылы жеткізіледі. Жер асты сулары бұл аумақта жоқ екені ресми түрде расталғанын айтты. Сондай-ақ т ө г і н д і л е р д і ң б о л м а у ы ж о б а н ы ң экологиялық қауіпсіздігін арттыра түседі.
Қ ұ з ы р л ы о р г а н д а р д ы ң қорытындыларына сәйкес, кен орны аумағында ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, сирек кездесетін өсімдіктер м е н ж а н у а р л а р т і р к е л м е г е н . Ма л қорымдары мен қауіпті биологиялық ошақтар да анықталмаған. Барлық өндірістік қалдықтар арнайы ұйымдар арқылы шығарылып, қоршаған ортаға зиын келтірмеу шаралары қарастырылған. Ең маңыздысы, кен орны елді мекендерден едәуір қашық орналасқан. Индербор кентінен тікелей 7 , 4 шақырымнан астам жерде жатқан өндіріс аймағы тұрғындарға тікелей әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасалған.
Қорыта айтқанда, Индер тұзын игеру жобасы экономикалық тұрғыдан тиімді болумен қатар, экологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асыруға бағытталған. Дегенмен оның нақты әсері уақытпен тұрақты бақылау нәтижесінде ғана айқындалмақ.
Тұз көлінен «АралСода» ЖШС тұз өндіру жөнінен тыңдауы дәл осындай негізде жалғасын тапты. Мұнда да «Аралтұз» компаниясының өкілі, жобалаушы эколог Дәулет Асанов таныстырылымын баяндады. Өзгешелігі соңғысының тұз өңдеуді көздеп отырған орны Индер көлінің Қыз әулие жағына қарай бағытталған.
«ҚОРҒАЛУ АЙМАҒЫНА ҚАЙТАРУ КЕРЕК»
Қоғамдық тыңдауда тұрғындар мен мамандар тарапынан айтылған сын- ескертпелер аз болған жоқ.
«Экология саласының үздігі», ардагер Марат Мұқанов Индер тұзды көлінің үстіне гидравликалық жанар- жағармаймен жұмыс жасайтын ауыр техниканы қолдануға болмайтынын, сондықтан «Аралтұз» компаниясына Индер тұзын игеруге түбегейлі қарсы екенін білдірді. Оның айтуынша, экскаватор мен өзге техникалар тұз қабатын ластап, шаң-тозаңды күшейтеді.
– Бұл жоюа көлдің табиғи тепе - теңдігін бұзады. Айдын көлдің суы сендердің қазған учаскеңізге барып жиналады. Жалпы Қазақстанда тұзға тапшылық жоқ. Көлді қайтадан ерекше қорғалатын аймаққа енгізу керек, – деді ол.
Осы пікірді «Индертұз» кәсіпорнының ардагері Қоқажан Фазылов та қолдап, Кеңес Одағы кезінде санитарлық аймақ 2 шақырым болғанын, ал қазір 500 метрге қысқарғанын сынға алды .
Ертең сендер көл бетін қазғанда гидравликалық экскаватор рапаның үстінде тұрады. Бұл дегенің экологияны сақтамау деген сөз. Біз Индер көлінде тұз шығарумен еңбек еткенімізде 1987-94 жылға дейін бізде эксперименталды жұмыс болды. Сонда институттың бекіткен нормасы Индер көлінде тұз өндіру технологиясы тек қана жер снарядпен және тасымал тек қана конвейермен ғана рұқсат етілетін. Егер бұл жағдай орындалмайтын болса экскаватормен немесе фреазамен де Индер көлінен тұз алуға болмайды. Эколог М.Мұқановты қолдаймын, – деді ол.
«Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының директоры Галина Чернова соңғы жылдары Каспий теңізі тартылып, суы кепкен жерінен тұз ұшып, экологиялық қауіпке әкеліп жатқанын, бұл жағдай ертең Индер көліне де келу мүмкін екендігін атап айтты.
«ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА»
Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева бұған дейін қоғамдық кеңес пен жиында айтылған ұсыныстар ескерілмегенін атап өтті. – Қазір халық денсаулығы оңай емес. Ауданда әр үшінші адам гипертониямен ауырады. Жүрек-қан тамырлары ауруы 1 орында тұр. Сондықтан ең алдымен адамның денсаулығын ойлау керек, – деді ол.
Жергілікті тұрғындар да экология мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Бөдене ауылының тұрғыны Байжан Шыңғалиев тұзды көл маңындағы бұрынғы шабындықтардың сорға айналып кеткенін айтса, Руслан Халин көлдегі судың жылдан жылға азайып бара жатқанын жеткізді.
Ал Серік Қадірбаев өз ауласындағы топырақтың тұзданып кеткенін мысалға келтіріп, ашық әдіске тұз өндіруге қарсы екенін білдірді. Айтуар Құттыбаев өзінің жұмыссыз болса да халықтың байлығы Индер көлін бүлдіруге қарсы екенін жеткізді.
Кезекті сөз сөйлегендердің бірі Бекнұр Бигимов «Аралтұз» компаниясы орналасқан Қызылорда облысындағы Жақсықылыш ауылының тумасы екен. Қазір Индерде қызмет жасайтын көрінеді.
– Біздің Жақсықылыш өлкесінде шұрайлы жайылым бар еді. Қазір оның бәрі тақыр далаға айналған. Тұзды шаңды дауыл жиі тұрады. Қазір бұл компания сіздерге «көгалдандырамыз, бәрін жасаймыз» деп ертегіні айтып жатыр. Егер жасалса бізде жасалар еді ғой. Міне, біздің өңірдің жағдайы не болды, – деген ол көпшілікке туған ауылында ешбір жасыл желектің қаламағанын , шаңды дауылдан көз ашпайтындығын экран сурет арқылы көрсетті.
« А р а л т ұ з » компаниясының 1 0 0 жылдағы тарихында тек мың адам жұмыс жасауда екен. Бізге келіп кәсібін әбден дамытқасын ғана жұмысшы сан ы н 5 0 0 адамға жеткізуді көздеп отыр. Оған дейін бұлар көлді құртып тынады ғой. Жаңағы суретте көрген ауылдың мүшкіл жағдайын біз кешеміз ғой. Келсе жаңа заманауи технологиямен келсін, – деді кәсіпкер Рафаель Қапашев.
Бөдене ауылынан Қази Мусағалиев, индерборлық Мұрат Сәуірбаевта тұздан келетін зиян мұнайдан да көп екендігін айтып, қарсылықтарын білдірді.
«ТАЛАП «ИНДЕРТҰЗҒА» ДА ҚОЙЫЛСЫН»
Қоғамдық тыңдауда айтылған пікірлердің бір парасы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындарға да талаптың бірдей қойылуы қажеттігін көтерді.
Мәдениет қызметкері Шәйда Оразғалива «Индертұз» кәсіпорнының ауданға нақты опайдасы мардымсыз екенін алға тартты. Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау әлсіз, еңбек қауіпсіздігі мәселесі де өзекті.
– Бұл кәсірпорын жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Бірақ ауданға айтарлықтай пайдасы көрінбейді. Еңбек қауіпсіздігіне де толық жауап беріліп отыр деу қиын. Жалақы деңгейі де жоғары емес. Сондықтан бүгін «Аралтұзға» қойылып отырған талаптар «Индертұзға» да бірдей қойылуы керек, – деді ол.
Кәсіпкер Сергей Тілеуов өңірдің дамуы үшін жаңа инвестиция қажет екенін атап өтті.
– Біз ауданның өсіп-өркендегенін қалаймыз. Жастарға жұмыс керек. Егер экология мәселесі көтерілсе, онда бұрыннан жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар да алдымен өз қызметіне жауап беруі тиіс . Осы жерде «Аралтұзға» қарсы болып плакат ұстап отырған «Индертұзда» жұмыс жасайтын адамдар, – деді ол.
Ауданның Құрметті азаматы Өтепберген Оразғалиев те өткен жылдары жұмысын бастаған кәсіпорындарға тыңдаулардың өткізілмегенін еске салды. Соның салдарынан әлеуметтік м індеттем елердің толық орындал май отырғанын, инфрақұрылым мен көгалдандыру мәселелері шешімін таппағанын жеткізді.
Тұз өндіру саласының ардагері Жолдас Дошқаев:
– «Аралтұздың» алғалы отырған 37 мың тонна деген көп көлем емес. Енді соны өндіру өзін-өзі ақтай ма? Ал сол жерде тұз өндіретін мекеме жасап жатыр. Неге олармен серіктес болмайды, – деді.
Осылайша, тыңдауда тек жаңа жобаға ғана емес, жалпы өңірдегі өндіріс орындарының жауапкершілігін арттыру мәселесі де кеңінен қозғалды.
«ИНВЕСТОР КЕРЕК, БІРАҚ ҚАУІПСІЗДІК ТЕ МАҢЫЗДЫ»
Кейбір санаулы тұрғындар жобаны экономикалық тұрғыдан қолдайтынын жасырмады. Жұмыссыз жүрген азаматтар жаңа жұмыс орындарының ашылуына үміт артады.
Нұрхан есімді тұрғын 500 адамды жұмыспен қамту үлкен мүмкіндік екенін, өйткені аудандағы жүздеген отбасының жағдайы жақсарады деген ойын білдірді.
Тұрғын Азамат Мақсотұлы өңірге инвесторлардың келуін қолдайтынын, өндірістік жобаларды іске асыру ау дан экономикасына оң әсер ететінін, бірақ экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиістігін жеткізді.
Ал «Аралтұз» компаниясы өкілі, зауыт директорының әлеуметтік жөніндегі орынбасары Ғани Сисекешовтің айтуынша, кәсіпорын бүгінде мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр, жалақы 200-350 мың теңге аралығында. Сонымен қатар әлеуметтік жобаларға да қолдау көрсетілуде.
Дегенмен кәсіпкер Рафаэль Қапашев инвестор келсе де, заманауи әрі қауіпсіз технология қолданылуы тиіс екенін айтты.
Қызылқоға ауданы мәслихаты депутаты, Миялы ауылының тұрғыны Есенбай Нұров «Аралтұздың» лицензия алу мәселесіне күмән келтіріп, прокуратураға бергенін айтты.
БАРЛАУ АУМАҒЫ НЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ?
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жамбыл Дауталиев бастапқы қоғамдық кеңесте және одан кейінгі кездесуде компания өкілдері көлден тек шағын аумақ алатынын айтқанын, алайда кейін барлау аумағының едәуір кеңейгені белгілі болғанын сынға алды. Оның пікірінше, бұл тұрғындар арасында сенімсіздік тудырып оты р.
- Әрине, ауданға инвестор келіп, жастарға жұмыс болғанын қалаймыз. Вахталық әдіспен емес, өз өңірінде еңбек еткенге не жетсін. Егер компания көлдің басым бөлігін игеруге көшсе, бұл өңірді экологиялық қауіпке ұшыратады. Өлкемізге залал келтіретін жобаның бізге қажеті жоқ, - деді ол.
Бұл ойды Доссор кентінің тұрғыны Ғазиз Ғабдуллин де жалғастырып, к о м п а н и я н ы ң ә л е у м е т т і к жауапкершілігі нақты іспен дәлелденуі тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, «Аралтұз» өзін үлгі болатын кәсіпорын ретінде көрсеткісі келсе, алдымен өздері жұмыс істеп отырған өңірдегі жағдайды ашық көрсетуі керек.
– Жақсықылыш елді мекеннің бүгінгі ахуалын мысал ретінде неге көрсетпеске? Сол арқылы компанияның жергілікті халыққа қандай пайда әкеліп отырғанын бәріміз анық көрер едік, – деді ол.
Көтерілген бұл пікірлер инвесторлар тарапынан тек өндірістік жоспар ғана емес, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік те нақты дәлелмен көрсетілуі қажет екенін аңғартты.
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ КЕРЕК
Жиында өндірістен гөрі туризмді дамыту мәселесі де көтерілді. Туристік гид Сұлтан Ахмет Индер көлінің емдік қасиеті жоғары екенін атап өтті.
– Бұл жерге демалуға, емделуге келетіндер көп. Сондықтан өндіріс аймағы көлден алыс болуы керек, - деді ол.
Индер көлінің табиғи ерекшелігін, шипалы тұзы мен балшығын, сондай-ақ оның экологиялық нәзік аумақ екенін ескерсек, бұл жерді тек өндірістік ресурс ретінде қарастыру жеткіліксіз.
Автор ретінде және қоғамдық кеңес мүшесі, сондай-ақ кезінде тұз өндірісі саласында еңбек еткендіктен де Индер көлінің болашағын туризм, емдік-сауықтыру және экологиялық бағытта дамыту әлдеқайда тиімді деп есептеймін.
Индер көлінің шипалы балшығы, тұзды суы, ерекше ландшафты мен тарихи-географиялық ерекшелігі емдік туризмді дамытуға толық мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан табиғатты сақтауға жол ашса, екінші жағынан халыққа тұрақты табыс пен жаңа жұмыс орындарын ұсына алар еді.
Сондықтан Индер көлінің келешегін қысқа мерзімді өндірістік пайдамен емес, ұзақ мерзімді экологиялық және туристік әлеуетімен бағалау маңызды.
ҚОРЫТЫНДЫ ШЕШІМ ӘЛІ АЛДА
Қоғамдық тыңдауды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин бұл мәселенің тек экономикалық емес, ең алдымен экологиялық маңызы жоғары екенін ашық айтты. Оның сөзінше, екі бірдей тыңдауда да ашық пікір алмасу өтіп, тұрғындардың басым бөлігі жобаға қарсылық б ілдірді.
– Халықтың негізгі талабы – экология мәселесі . Алайда компания өкілдері бұл бағытта нақты әрі толық жауап бере алмады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде сіздердің кәсіпорын орналасқан Жақсықылыш елді мекенінің қиын жағдайы тарап жатыр. Осындай жағдай ертең Индерде қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды, – деді ол.
Сонымен қатар аудан басшылығы бұл жиынның қорытындысы түпкілікті шешім емес екенін атап өтті. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданып, алдағы шешім сол құзырлы органның қарауына берілмек.
Индер көліне қатысты бұл жоба – тек өндірістік бастама емес , табиғат пен халық мүддесі таразыға түскен күрделі мәселе. Бір жағынан – жаңа жұмыс орындарымен экономикалық мүмкіндік, екінші жағынан – экологиялық қауіпсіздік пен тұрғындардың денсаулығы. Сондықтан бұл түйткілдің түпкілікті шешімі жан- жақты сараланып, қоғамдық пікір ескеріле отырып қабылдануы тиіс.
Саламат БАЗАРБАЕВ,
суреттер автордікі

