Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен жергілікті кәсіпкерлердің қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсыну, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерді қолдау.
Жәрмеңкеге Хасанов Асылбек, Шамарова Салтанат, Алмашев Нұрбек, Шотанқызы Мәзім, Тұрсынгүл Қуанғалиева, Шахманова Бибінұр және «Өрлік нан» наубайханасы қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды.
Іс-шараға жиналған тұрғындар жәрмеңке мен көрмеге қызығушылық танытып, ұсынылған өнімдерге сұраныс жоғары болды.




