Тазалық- тәртіптің бастауы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында М. Сиранов атындағы орта мектебінің ұжымы тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Сенбілік барысында мектеп аумағы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұжым мүшелері айналаны ретке келтіріп, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Тазалыққа атсалысу – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің белгісі. Осындай игі бастамалар мектеп ұжымының ұйымшылдығын арттырып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT