«Таза Қазақстан» -тазалықтан басталған тағылым

Тазалық – туған жерге деген құрметтің көрінісі. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ботақан» бөбекжай-бақшасының ұжымы өз аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бөбекжай қызметкерлері аула ішін ретке келтіріп, қоршаудың ішкі және сыртқы бөліктерін тазалады. Сонымен қатар өскен шөптер оталып, айнала қоқыстан тазартылып, аумақтың көркі ажарлана түсті.

Мұндай игі бастаманың маңызы зор. Өйткені тазалықты сақтау – тек қоршаған ортаны көркейту емес, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету, табиғатқа жанашырлық пен туған жерге деген жауапкершілікті қалыптастыру.

"ДЕНДЕР АҚПАРАТ"

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT