ҚАЗІР МЕН ӘКЕМНІҢ ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫМЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛІ БАЛАЛАР ЛАГЕРІНДЕ ДЕМАЛЫП ЖАТЫРМЫН.
Мұнда маған бәрі өте ұнайды. Табиғаты керемет екен. Биік таулар, сарқырап аққан өзен мен таза ауа ерекше әсер сыйлайды. Бүгін тауға серуендеп шығып, әдемі табиғатты тамашаладық. Осындай көріністерді бұрын- соңды жақыннан көрмеппін. Лагерьде күн сайын қызықты ойындар, спорттық жарыстар, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Жаңа достар тауып, уақытты көңілді өткізіп жатырмын. Тәрбиешілер де өте мейірімді әрі қамқор. Осындай тамаша демалысқа жіберіп, қолдау көрсетіп жүрген ата-анама шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің арақаларыңызда ұмытылмас әсер алып, керемет естеліктер жинап жатырмын.

Қуанышбек САБИРОВ,
М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы


