НАЗАРДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ – МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЕЛ ҮКІМЕТІ МЕН АТҚАРУШЫ БИЛІККЕ БЕРГЕН БАСТЫ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ. СОЛ СЕБЕПТІ АУДАНЫМЫЗДА ДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҰДАЙЫ НАЗАРДА ҰСТАЛЫП КЕЛЕДІ. АЙТАЛЫҚ, АЛҒАШҚЫ ТОҚСАНДЫ АЛЫП ҚАРАЙЫҚ. 

 Жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамтуға жоспар 1900 болса, орындалысы 363 немесе 19,1 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша жұмыс іздеушілер саны жылдан жылға өсуде. Дегенмен былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 138 адамға кеміп отыр (2025 жылы – 1096, 2026 жылы – 958). Бөлім Мансап орталығының мамандарымен бірлесе аудандағы кәсіпорындар мен мекемелерге жұмыспен қамту бағытында түсінік жұмыстарын жүргізуде. 1-ші тоқсан қорытындысымен 28 мекемеге жұмыс барысында «еңбек. кz» порталы арқылы  электронды келісім шартты, бос жұмыс орындарына вакансияны салу бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді, осы жұмыстың нәтижесінде мекемелер, кәсіпорындар аталған портал арқылы жұмыстарын жүргізуде,дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева. Әрі қарай тарқата түссек, жаңа жұмыс орындарын құру бағытында биыл 2766 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, күні бүгінге оның орындалысы 363-ті құрап отыр.  Сонымен қатар «Skills» онлайн оқыту курстарына жұмыссыз азаматтарды оқытуға 160 адам оқыту жоспарланып, күні бүгінге жоспартолығымен орындалыпты.– «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 140 адамды оқыту жоспарланып, алғашқы тоқсанда 34 адам (24,2 пайыз) оқудан өтті. Бұл бағытта «Енбек.кз» сайты қолжетімді, ниет білдірушілер өз еріктерімен оқудан өтуде. – Ал жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грантты 31 адамға беру жоспарда. Күні бүгінге 27 азамат грантқа өтініш білдіріп отыр. Грант беру уақыты белгіленген. Сол секілді ақылы қоғамдық жұмыстарға 220 адамды жолдау жоспарланып, соның 146-ы жұмысқа орналасты (66,4 пайыз). Әлеуметтік жұмыс орындарына 45 адам жоспарланып, 25 адам (55,5 пайыз), «Жастар тәжірибесіне» 147 адам жоспарланып, 53-і, «Күміс жас» жобасымен 131 адам жұмысқа орналасқан. Аудан көлеміндегі жеке кәсіпкерлік субъектілерімен сөйлесу жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңдылыққа сай 1 топ мүгедектігі бар жұмыссыз азамат арнайы жұмыс орнына орналастырылды, – дейді салалық бөлім басшысы Ажар Жалғасқызы.  

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT