АДАЛ ЕҢБЕК – АРДЫҢ ІСІ»ДЕГЕНДЕЙ, ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕГІМЕН
ЕЛГЕ ҚАДІРІ АРТҚАН АЗАМАТТАР БАР. СОЛАРДЫҢ БІРІ – СОНАУ
КОЛХОЗ, СОВХОЗ КҮРКІРЕП ТҰРҒАН КЕҢЕС ӨКІМЕТІ КЕЗІНДЕ ЕГІН
МЕН МАЛҒА СУ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ШӨЛ ДАЛАДАН КӨЛ ЖАСАҒАН СУ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ
АЗАМАТЫ НҰҒЫМАН ҚАРАБАЛАҰЛЫ.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ағамызды 95 жасқа шығуына орай аудан әкімі Серік Бағытжанұлы қабылдап, еңбек жолына тоқталып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Сол кездегі Кулагино селосында дүниеге келген қайраткер мектеп бітірген соң Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтына түсіп, 1957 жылы инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Алғашқы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Арыс- Түркістан» каналы құрылысында шебер, прораб жұмыстарынан бастап, теорияда алған білімін тәжірибеде шыңдайды. Одақтық деңгейдегі алып құрылыстан шыңдалған жас маман кейін ат басын 1960 жылы Атырауға бұрып, құрлыс-монтаж басқармасына қызметке орналасады.
« Бұл мелиорация жұмысы жаңа қолға алынып жатқан кез еді. Жас болса да тәжірибесі бар инженер аз уақыттың ішінде облыс орталығына жақын жерден «Водников» қалашығының бой болды. Оның басшылығымен темірбетон бұйымдары зауыты, «Гурьев су шаруашылығы» тресінің өндірістік базасы , басқа да бірқатар әлеуметтік маңызы зор нысандар бой көтерді» – деп жазады бірге жұмыс жасаған жолдастарының бірі, «Барыс» орденінің иегері Төкен Жұмағұлов.
Білікті маман қажырлы еңбегінің арқасында аз уақытта облыстағы жалғыз мекеме құрылыс-монтаж басқармасы бастығы лауазымына көтеріледі. Сол жылдары Бағырлай, Ақсай, Нарын, Бақсай, Құрсай, Қараөткел, «Алғабас-Жорық» Қурайлы сай, «Есбол-Қозыбай», « 7-ауыл-Айсары » Х Х І п а р т съезд атындағы, «Соколок-Гогольск »,
«Кобяков - Жанбай» сияқты жалпы көлемі 2000 шақырымға жететін жайылым жерлерді суландыруға қажетті каналдарды салуға бар күш- жігерін салады. Мұнан басқа да бұл салада қиыннан қиыстыраатқ арған қ ыруар і с тері бар екені сөзсіз . Осындай озат ісі үшін үшін мемлекет тарапынан «Құрмет белгісі» ордені және өзге де марапаттардың иесі атанған.

Мерейгерді Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов те құттықтап, шапан жапса, су шаруашылығының мамандары әрі сол кездері бірге қызмет атқарған Нәсіпқали Қонасов пен Әділгерей Ғазезов Нұғыман ағаларынан өмірлік тәжірибе ала жүріп, өздері де кәсіби машықтанғандықтарын, жұмыс барысындағы қиындықтарды ақылмен шеше су шаруашылығының даму ына зор үлес қосқандықтарын айта келе, ардагерге ыстық ықыластарын білдірді.
Кездесу соңында Нұғыман Қарабалаұлы құрмет көрсетіп сыйлап жатқан туған жеріне, ел азаматтарына, аудан басшылығына ризашылығын білдіре келе:
– Елге болсын деп қызмет еттік . Талап солай болды . Өйткені, су –тіршілік көзі ғой. Сондықтан уақытпен санаспай егінші, малшыларға үздіксіз су жеткізіп тұрдық. Жаңа каналдар салдық. Мұның бәрі күрделі ғылыми жұмыс болатын. Кейін, міне, бейнетіміздің зейнетін көріп жүрміз, – дей келе «Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Құт-береке дарысын» деп батасын берді.
Ж.ІСІМ,
суреттер автордікі



