ШАБАҚ ҚҰТҚАРУ ШАРАСЫ

ТАБИҒАТ АНАНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ САНАЛАТЫН СУ МАРЖАНДАРЫН САҚТАП ӨСІРУ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ ЕКЕНІ АНЫҚ. БҰЛ ТҰРҒЫДА ИНДЕР БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ӨЗДЕРІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ТИЯНАҚТЫ АТҚАРЫП КЕЛЕДІ. 

Аталмыш инспекция мамандары ауданға қарасты "Қызыл жар-1", "Разбойный", "Кіші Елтай" су тоғандарында жас шабақтарды құтқару жұмыстарын атқарды. Өйткені аталмыш тоғандарда су мөлшері төмендеп, оттегі мөлшері азайып, балықтардың жаппай қырылу қаупі туындауы мүмкін еді. Осындай қиындықтың алдын алу мақсатында балықтардың жай-күйін анықтау негізінде, бақылау үшін монито­ринг жүргізілді.

- Осы іс-шараға Атырау қаласынан «КаспийРыбаЕвразия" ЖШС 10 адам, 3 автокөлік жұмылдырылып, белсенді жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, әр көлден 80 кг, 50 кг әртүрлі қара балық шабақтары шығып, Жайық өзеніне жіберілді, - дейді Индер балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Азамат Абигалиев.

Айта кетейік, жалпы ауданда 24 су тоғаны бар болса, тек қана 2024 жылы Жайық өзенінің жаппай тасуы салдарынан тоғандар суға толған еді.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT